Астанада 16 қабатты үй өртке оранды

183

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Астанада 16 қабатты үй өртке оранды Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан скриншот

3 қарашаға қараған түні "Алматы" ауданындағы Тәуелсіздік даңғылы бойында орналасқан 16 қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде өрт болды, деп  жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт 7-қабатта шыққан. 112 кезекші пультіне хабарлама сағат 23:32-де түскен. Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ғимаратты қою түтін басқан. Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге кірісті.

Өрт толық сөндірілді. Қызыл жалынды ауыздықтауға Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 24 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу