Астанада 17 жастағы жасөспірім аялдама терезесін сындырып, жауапқа тартылды

384

Астанада Бөгенбай батыр даңғылындағы аялдама павильонының терезесін сындырған жасөспірім анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Астанада 17 жастағы жасөспірім аялдама терезесін сындырып, жауапқа тартылды Фото: profit.kz

Полицияның мәліметінше, оқиға кешкі уақытта болған. 17 жастағы жасөспірім танысымен бірге аялдамада тұрған. Кейін кетіп бара жатып, павильонның терезесін аяғымен теуіп сындырған. Артынша екеуі маршруттық автобусқа отырып, оқиға орнынан кеткен.

Құқық қорғау органдары бейнебақылау камералары арқылы жасөспірімнің жеке басын анықтаған.

Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, іс материалдары сотқа жолданды.

Полиция аялдама павильондары мен өзге де қалалық инфрақұрылым нысандарын бүлдіру заң бұзушылық екенін ескертті. Мұндай әрекеттер бейнебақылау камералары арқылы анықталып, кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды қала мүлкіне ұқыпты қарауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу