"Іші, бөксесі, қолы мен мойнынан жарақат алған": Астанада 18 жасар қызды өлтірмек болған жасөспірім ұсталды

1110

Кәмелет жасына толмаған жеткіншек қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Іші, бөксесі, қолы мен мойнынан жарақат алған": Астанада 18 жасар қызды өлтірмек болған жасөспірім ұсталды Фото: depositphotos.com

"Астана қаласының Полиция департаменті Есіл аудандық полиция басқармасы 18 жасар қызды өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазір кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – делінген елорда полициясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, полициядан аталған іске қатысты өзге де ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайтындығы айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу