Астанада 2 қабатты ғимарат отқа оранды

155

ТЖМ қызметкерлері өртті толықтай сөндірді.  

Астанада 2 қабатты ғимарат отқа оранды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жайылма көшесінде орналасқан екі қабатты ғимаратта өрт орын алды, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте ашық жану байқалған. Өрт өршіп кеткен.

Қабылданған шаралар нәтижесінде қызыл жалын дереу оқшауланды.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. ТЖД күштері мен құралдары өрттің жоғарғы дәрежесі бойынша жұмыс істеді. Сумен үздіксіз қамтамасыз ету ұйымдастырылып, өртті сөндіруге бірнеше су оқпаны берілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу