Астанада 20 қыркүйекте жалпықалалық сенбілік өтеді

135

"Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" атты ауқымды экологиялық акция аясында және Дүниежүзілік тазалық күніне (World Cleanup Day) орай осы сенбі, 20 қыркүйекте елордада жалпықалалық сенбілік өтеді.

Астанада 20 қыркүйекте жалпықалалық сенбілік өтеді Фото: aqorda.kz

Сенбілік барысында қаланың қоқыстан тазартылуы, саябақтар мен гүлзарлардың, аулалардың, сондай-ақ сауда орындарына, қоғамдық тамақтану нысандарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтардың ретке келтірілуі жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ауқымды тазалық жұмысы аясында Астананың алты ауданында ағаш отырғызылады.

Әкімдік қалалық кәсіпорындарды, МИБ (ПИК), шағын және орта бизнес субъектілерін, еріктілер мен белсенді тұрғындарды экоакцияға қатысып, тазалыққа үлес қосуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу