Астанада 200-ге жуық самокат пайдаланушы жауапқа тартылды: полиция бақылауды күшейтті

166

Ауа райының жылынуына және электросамокат пайдаланушылар санының артуына байланысты рейд өтті.  

Астанада 200-ге жуық самокат пайдаланушы жауапқа тартылды: полиция бақылауды күшейтті Фото: gov.kz

Тексеру жұмыстары нәтижесінде 200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері азаматтарға жол қозғалысы қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Әсіресе, электросамокаттарды қауіпсіз пайдалану, қорғаныс құралдарын қолдану және жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылған.

Ережені бұза отырып орналастырылған 170-тен астам электросамокат коммуналдық тұрақтарға эвакуацияланған.

Полиция атап өткендей, самокаттарды ретсіз қою жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызып қана қоймай, олардың қауіпсіздігіне де қауіп төндіреді. Бұл, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен балалар арбасымен жүрген ата-аналар үшін қиындық келтіреді.

Қалалық полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу