Астанада 2000-нан астам бос жұмыс орны ұсынылатын жәрмеңке өтеді

142

Елордадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 16 шілде күні бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада 2000-нан астам бос жұмыс орны ұсынылатын жәрмеңке өтеді Фото: canva

Іс-шараны Алматы ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырады.

Жәрмеңкеде түрлі саладағы 80 ұйым 2000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынады. Олардың қатарында өндірістік кәсіпорындар, қызмет көрсету саласындағы компаниялар мен білім беру мекемелері бар.

Сондай-ақ жәрмеңке барысында Joltap бағдарламасының өкілдері, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, қаржы ұйымдарының мамандары келушілерге жұмысқа орналасу мен қолдау шаралары туралы кеңес береді.

Бос орындар жәрмеңкесі 16 шілде күні сағат 15:00-де Б.Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайындағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу