Астанада 2030 жылға дейін сүрілетін апатты үйлердің тізімі анықталды

434

Тиісті қаулы ресми түрде жарияланды.

Астанада 2030 жылға дейін сүрілетін апатты үйлердің тізімі анықталды Фото: "Астана ақшамы" газеті

Елорда әкімдігі 2026-2030 жылдарға арналған тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы аясында сүрілетін апатты үйлердің тізімін бекітті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдағы 5 жылда елордадағы тозығы жеткен 174 тұрғын үйді бұзу жоспарланып отыр. Оның ішінде 2026 жылы 675 пәтерді қамтитын 25 көпқабатты тұрғын үй сүріледі. Аталған үйлердің басым бөлігі Сарыарқа және Байқоңыр аудандарында орналасқан. Жаңғырту бағдарламасына тозу деңгейі 60 пайыздан асқан тұрғын үйлер енгізілген. Олардың қатарында кеңес дәуірінде салынған бір қабатты және бес қабатқа дейінгі тұрғын үйлер, жатақханалар, сондай-ақ 1929-1989 жылдар аралығында бой көтеріп, апатты деп танылған ғимараттар бар.

Бағдарлама аясында тұрғындар жаңа баспанамен "шаршы метрге – шаршы метр" қағидаты бойынша қамтамасыз етіледі. Яғни, ұсынылатын пәтердің жалпы ауданы бұрынғы тұрғын үйден кем болмайды. Бөлме саны өзгеруі мүмкін, бірақ тұрғын үйдің көлемі сақталады немесе ұлғаяды. Жаңа пәтерлер конкурс арқылы сатып алынып, толық әрленген күйде тапсырылады.

Тұрғындар көшірілгеннен кейін ескі үйлер сүріліп, олардың орны қаланың бас жоспарына сәйкес игеріледі. Бұл аумақтарда жолдар, мектептер, тұрғын үй кешендері және өзге де әлеуметтік әрі инженерлік инфрақұрылым нысандары салынуы мүмкін.

Бағдарлама кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:

  • 2026 жылы – 25 
  • 2027 жылы – 29 
  • 2028 жылы – 32 
  • 2029 жылы – 74 
  • 2030 жылы 14 тұрғын үйді сүру жоспарланған.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу