Астанада 220 млн теңге айыппұл қарызы бар жүргізуші ұсталды

143

Көлік арнайы тұраққа жеткізілді. 

Астанада 220 млн теңге айыппұл қарызы бар жүргізуші ұсталды Фото: Астана ПД

Астанада айыппұл бойынша қарызы 220 миллион теңгеге жеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Патрульдік полицияның арнайы батальонының қызметкерлері әкімшілік айыппұл бойынша қарызы бар көлікті анықтады. Бөгенбай батыр даңғылында TANK маркалы көлік тоқтатылып, оның 220 миллион теңгеден астам айыппұл қарызы бары белгілі болды. Көлік тізгінінде 40 жастағы қала тұрғыны отырған.

Ер адамның жол жүру ережелерін жиі бұзғаны, салынған айыппұлдарды елемей келгені белгілі болды.

Көлік арнайы тұраққа жеткізілді. Құқық бұзушыға қатысты атқарушылық іс жүргізу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу