Астанада 26 мың сәби балабақша кезегінде тұр

985

Астанада 26 мың сәби балабақша кезегінде тұр

Жекеменшік балабақшаларға орналасқан бүлдіршіндер автоматты түрде кезектен шығарылады. Бұл туралы қалалық білім басқарамысының басшысы Әнуар Жанғозин мәлім етті, деп хабарлайды 24.kz.

Оның айтуынша, елордада 188 жекеменшік балабақша бар, соның 181-і мемлекеттік тапсырыс бойынша істейді. Мекемелер шығынының тең жартысын мемлекет дотация арқылы өтеп отыр. Қазір Астана бойынша 26 мың сәби кезекте тұр. Басқарма басшысы биыл олардың 90 пайызын мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларға қабылдауды жоспарланып отырғандарын айтты. Сондай-ақ Әнуар Жанғозин осы жылы 2 балабақша салынуы мүмкін екенін де тілге тиек етті. Мұнан бөлек білім басқармасы ата-аналарға ыңғайлы болуы үшін балабақшаға кезекке тұру мен жолдама алуды электронды жүйеде жүзеге асырады. Сәуір айынан бастап жаңа сайт іске қосылады.     

"Бос орындар туралы СМС хабарлама алған кезде 5 күн беріліп, кезек жылжуы баяулайтын. Бүгінгі күні 11 сағат қана беріледі. Содан кейін ол барлық балаларға қолжетімді болады", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу