Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды

365

Бұдан бөлек, әйел полицияға бұған дейін тағы үш орама жасырылған үш орынды көрсеткен.

Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды Фото: polisia.kz

Астанада есірткінің заңсыз айналымына қатысты күдікпен 27 жастағы әйел ұсталды. Полиция оның көлігін тінту кезінде бір келіден астам мефедрон тәркіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер әйел басқарған көлікті тоқтатқан. Көлік салонын тексеру кезінде жол сөмкесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 20 орама табылған.

Сараптама нәтижесінде олардың құрамында мефедрон бары анықталды. Жеке тінту кезінде күдіктінің өзінен де осыған ұқсас тағы бір орама тәркіленген.

Бұдан бөлек, әйел полицияға бұған дейін тағы үш орама жасырылған үш орынды көрсеткен. Ол жерлерден алынған заттардың да мефедрон екені сараптамамен расталды.

Осылайша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір келіден асты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция есірткіні заңсыз сақтау, тасымалдау және өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу