Астанада 3 жасөспірім электросамокатпен автобусқа қарсы жүріп, бірі жол апатына түсті

250

Оқиғаның барлық мән-жайын анықталып жатыр.

Астанада 3 жасөспірім электросамокатпен автобусқа қарсы жүріп, бірі жол апатына түсті Фото: Бейнежазбадан

Астанада үш жасөспірімнің электросамокатпен қоғамдық көлікке арналған жолақта қарсы бағытта жүруі жол апатына ұласты. Олардың бірі автобус астына түсіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 13 тамызда Түркістан көшесінде болған.

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, "Yutong" маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі аялдама кешеніне кіріп жатқан кезде қоғамдық көлікке арналған жолақпен қарсы бағытта келе жатқан жасөспірімді қағып кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына дейін үш жасөспірім электросамокатпен автобус жолағында қозғалған. Олар аялдамаға кіріп жатқан автобустың жанынан өтуге тырысқан. Екі жасөспірім өтіп үлгерсе, үшіншісі автобусқа соғылып, көлік астына түскен.

Соқтығыс салдарынан электросамокат автобустың дөңгелегінің астында қалып, "Yutong" көлігінің алдыңғы әйнегі сынған.

Жол-көлік оқиғасы кезінде жасөспірім жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін оны амбулаториялық ем қабылдауға жіберді.

Қазіргі уақытта полиция жол апатына қатысты тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу