Астанада 33 жастағы жүргізуші 115 км/сағ жылдамдықпен жүріп, бағдаршамның қызыл шамына өтіп кеткен

114

Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.  

Астанада 33 жастағы жүргізуші 115 км/сағ жылдамдықпен жүріп, бағдаршамның қызыл шамына өтіп кеткен Фото: бейнежазбадан

Астанада жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция Республика даңғылында "Changan Depal" автокөлігін басқарған 33 жастағы жүргізушіні анықтады. Ол 115 км/сағ жылдамдықпен қозғалып, бағдаршамның тыйым салынған қызыл сигналына өтіп кеткен. Сонымен қатар, ол жол үстіндегі әрекеттерін ұялы телефонға түсіріп, кейін әлеуметтік желілерде жариялаған, осылайша Жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзған.

Астана қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізуші бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, қауіпті маневрлер жасау, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану, жол белгілері мен таңбаларын елемеу, белгіленген жылдамдықты асыру, сондай-ақ бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту деректері тіркелді.

"Сот шешімімен жол қозғалысы қағидаларын қасақана әрі өрескел бұзғаны үшін жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу