Астанада 6 жасар бала 9-қабаттан құлап, аман қалды

184

Оқыс жағдай Түркістан көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Астанада 6 жасар бала 9-қабаттан құлап, аман қалды Фото: коллаж

Куәгер Шыңғыс Түсіпбаевтың айтуынша, бала ес-түссіз күйде үйдің күнқағарында жатқан. 

2-қабаттағы пәтер тұрғыны оны төменге құлап кетпес үшін қолынан ұстап тұрған. 

Сол сәтте өтіп бара жатқан адамдар көмекке жүгірген. Біреуі төменде жамылғымен дайын тұрса, тағы бірнеше жігіт 2-қабаттағы пәтерге кіріп, терезеден шыққан. 

Абай есімді жігіт күнқағарға шығып, баланы ішке алып кірген.

Жедел жәрдем дәрігерлері балаға алғашқы көмек көрсетіп, оны ауруханаға алып кеткен.

Баланың анасы қатты шок алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу