Астананың кейбір мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер зейнет жасына жеткен қызметкерлерге заңнамамен көзделген жәрдемақыны төлемеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Заңбұзушылықтарға жол берген 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша 61 зейнеткердің құқықтары жалпы сомасы 6 млн теңгеден астам өтемақы төлеу арқылы қорғалды.
Астана қаласының прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу