Астанада А. Кравцов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

315

Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Астанада А. Кравцов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады Фото: canva

Астанада 29 маусым мен 5 шілде аралығында А. Кравцов көшесінің Таха Хусейн көшесінен Ж. Ташенов көшесіне дейінгі учаскеде орташа жол жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу