Астанада абаттандыру ережелерін бұзған құрылыс компанияларына айыппұл салынды

394

Айыппұлдардың жалпы сомасы 19 млн теңгеден асады.

Астанада абаттандыру ережелерін бұзған құрылыс компанияларына айыппұл салынды Фото: polisia.kz

Полиция департаменті бірыңғай анықтамалық қызметпен бірлесіп, абаттандыру ережелерін бұзу фактілерін анықтау бойынша жұмыс жүргізді, – деп хабарлайды inbusiness.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жеті ай ішінде 1 721 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 134 құрылыс компаниясы мен 89 қызмет көрсететін ұйым бар. 

– Бұдан басқа белгіленбеген жерлерге қоқысты тастап кететін адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері 240 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 6 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сондай-ақ 33 жүргізуші топырақ, қоқыс, сусымалы құрылыс және басқа да материалдарды жабынсыз тасымалдағаны үшін жауапқа тартылды, – деді полицияда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу