Астанада адамның бет-әлпетін танитын тағы 20 мыңнан астам камера орнатылады

206

Жаңа камералардың көмегімен әрбір үшінші қылмыс ашылып жатыр.  

Астанада адамның бет-әлпетін танитын тағы 20 мыңнан астам камера орнатылады Фото: gov.kz

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жыл соңына дейін қосымша 20 мыңнан астам жаңа бейнебақылау камералары орнатылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елордадағы бейнебақылау инфрақұрылымы ауқымды түрде жаңғыртылып жатыр.

"Бүгінде полицияның Жедел басқару орталығына 37 мыңнан астам камера қосылған, олардың көмегімен әрбір үшінші қылмыс ашылуда. Жыл соңына дейін қосымша 20 мыңнан астам жаңа интеллектуалды бейнебақылау камералары орнатылады. Олар жасанды интеллектке негізделген 35-тен астам бейне аналитика алгоритмдерімен жабдықталады, соның ішінде бет-әлпетті және мінез-құлықты тану, көлік қозғалысын талдау, төтенше жағдай қызметтерін автоматты түрде хабардар ету мүмкіндіктері бар", – деді қала әкімі Мәжілісте өткен парламенттік тыңдауда.

Жобаны іске асыру осы жылдың соңына дейін аяқталатынын айтты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Астананың Smart City тұжырымдамасын енгізу тәжірибесі еліміздің басқа өңірлерінде де кеңінен қолданылатын болады", – деді Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу