Астаналық тұрғын 2ГИС қосымшасы арқылы балаларын балабақшаға орналастырғысы келген ата-аналарды іздеп тапқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Олармен байланысып, ол өз қызметін ұсынып, таныстары арқылы мектепке дейінгі мекемеде орын алуға көмектесетініне сендірген.
Сот үкімімен айыпталушыға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.
Астана қаласы прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және мектепке дейінгі ұйымдарға орындарды бөлу мәселелері бойынша тек ресми порталдар мен уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы жүгінуге шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу