Астанада әйелдерге арналған UMAI форум-кездесу іске қосылады

94

Астанада әйелдерге арналған ашық форум-кездесулер басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада әйелдерге арналған UMAI форум-кездесу іске қосылады Фото: canva

Бұл алаңда елдің жетекші сарапшылары маңызды әлеуметтік тақырыптарды талқылап, қатысушылардың сұрақтарына  ашық диалог форматында жауап береді.
 
Алғашқы кездесу 11 наурызда өтеді, ол "Әйелдің қауіпсіздігі мен күші" тақырыбына арналады. Спикер ретінде мемлекеттік айыптаушы және заңгер Айжан Аймағанова қатысады. Ол ашық сараптамалық сессия өткізіп, әйелдердің жеке және кәсіби өмірінде кездесетін нақты жағдайларды талқылайды.
 
Форум-кездесу UMAI-мен бірлесіп ұйымдастырылады және әйелдердің құқықтары, жеке шекаралары мен заңдық қорғану механизмдерін талқылауға арналған қауіпсіз алаң құруды мақсат етеді. Бағдарламада нақты жағдайларды талдау және "сұрақ-жауап" форматындағы ашық сессия қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу