Астанада әкімдігі 14-30 мамырда өтетін мәдени шаралар туралы хабарлайды

758

Астанада әкімдігі 14-30 мамырда өтетін мәдени шаралар туралы хабарлайды

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты назарларыңызға 14-30 мамыр аралығында өтетін мәдени шараларды ұсынады.

Қала тұрғындары мен қонақтары 14-30 мамыр аралығында, сағат 10:00-18:00 аралығында Тәуелсіздік сарайында "Ұлы дала мұрасы" қолданбалы өнер көрмесі, "Қазақстандық суретшілердің шығармалары" атты көрмесі, "Оқушылар сарайы" МКҚК-мен бірлескен "Менің ңұрлы әлемім" қолөнер көрмесі, Астана қаласының жастар бірлестігімен бірге ұйымдастырылған көркем көрмесі, ҚазҰӨУ бірлескен қолданбалы және көркемөнер көрмесі, суретші Өмірбек Тлеулиевтің жеке көркем көрмесі,С. Мүсіреповтың "Жаңа бастау" атты жеке көрмесі,1941-1945 жж. Жеңіс күні мерекесіне арналғанкөркемөнер көрмесі, "ШАГ" Академиясының фотокөрмесін тамашалай алады.

14 мамыр сағат 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Серік Сейітманның "Қара шаңырақ" атты ән-жыр кеші өтеді.

18 мамыр сағат 18:00-де Тәуелсіздік сарайында "Мұражайдағы түн" бүкіләлемдік акциясы өтеді.

18 мамыр күні сағат 16:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында "Шаттық - 2018" байқауының гала-концерті өтеді.

18-20 мамыр күндері сағат 12:00-де және 14.00-де Қуыршақ театрында А.Салаева "Жалқаудың айласы" ертегісін қояды.

18 мамыр күні сағат 18:00-де "Астана" концерт залында Астана қаласының мемлекеттік академиялық филармониясы үрлемелі оркестрінің "Астанаға-20 жыл" атты концерті, 19 мамыр сағат 17:00-де Астана қаласының мемлекеттік академиялық филармониясы "Қорқыт" дәстүрлі саз тобы және халық вокал орындаушыларының "Астанаға – 20 жыл" атты концерті, 19 мамыр, сағат 18:00-де "Жүрегім менің жылайды" концерті, ал 20 мамыр күні сағат 15:00-де және сағат 19:00-де "Сағындырған әндер-ай" атты қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерті өтеді.

Ал 19 мамыр сағат 15:00-де "Жастар" сарайында "Сарайымыздың балалары!" атты "Жастар" сарайының шығармашылық ұжымының есеп беру концерті өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу