2025 жылғы 28 сәуірде Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор өкілдері кіретін Комиссия мүшелері интерактивті форматта мәслихаттардың 2025 жылғы 15 мамырға дейін шешуі тиіс міндеттерін айқындады. Олардың қатарында – Қазақстан Республикасының "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңына сәйкес ресми интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру міндеті бар.
Комиссия мүшелерінің барлық ұсынымдары мемлекеттік органдар мен ұйымдардың назарына жеткізілетін болады.