26 және 27 қыркүйек күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар, тосап және басқа да тауарларды тиімді бағада сатып ала алады.
Жәрмеңке 26 және 27 қыркүйек күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:
- "Keryen Joly" СОО – Алаш тасжолы, 35Б;
- "ERA" базары – Қорғалжын тасжолы, 96.
Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орындарға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317, сондай-ақ №45, 66, 305 және 312 автобус бағыттары қатынайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу