Астанада әлемдік опера мен опереттаның үздік туындылары орындалды

126

Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында "Музыка на все времена" концерті өтті.

Астанада әлемдік опера мен опереттаның үздік туындылары орындалды Фото: gov.kz

Қазақстанның мемлекеттік симфониялық оркестрі Италия, Франция, Чехия және Аустрия композиторларының танымал опера мен опереттасынан құралған бағдарлама ұсынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кеште Медет Шотабаев, Азамат Жылтыркөзов, Бибігүл Жанұзақ, Айзада Капонова, Салтанат Ахметова, Азат Мәлік, Ибраһим Амин, Нұрсезім Саматқызы, Лаура Ғалым және Талғат Аллабиринов өнер көрсетті. Ал оркестердің көркемдік жетекшісі Мирас Нұржанов дирижерлік етті.

Концерт Пьетро Масканьидің "Ауыл абыройы" операсындағы интермеццомен басталды. Одан кейін көпшілік "Севилья шаштаразы", "Тұрандот", "Травиата", "Ромео мен Джульетта", "Русалка" және өзге де танымал опералардан ариялар мен дуэттер тыңдады. Сондай-ақ Франц Легар мен Имре Кальманның оперетталарынан үзінділер орындалды.

Кеш соңында әншілер Джузеппе Вердидің "Травиата" операсындағы әйгілі "Brindisi" әнін бірге шырқады.

Концерттің құрметті қонақтары қатарында Түрікменстанның еңбек сіңірген әртісі Батыр Чарыев пен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Таалайбек Усубалиев болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу