Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінің шатырынан өнеркәсіптік альпинист құлап кетті. Оқиғаның мән-жайын полиция департаменті баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
1997 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
BI құрылыс компаниясының баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, альпинист шамамен 16:00-де терезе жуып жатқанда құлап кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшы 9-қабатта тепе-теңдігін жоғалтқан, ал төмен түсуге дайындық сәтінде сақтандыру жүйесі бекітілмей қалуы мүмкін.
"Зардап шеккен адамға ота жасалды, ол есін жиды. Еңбек инспекциясының қатысуымен тексеру жүргізіліп жатыр", – деп атап өтті компания өкілдері.