Астанада апатты жағдайдағы 100-ден астам үй сүріледі

897

Астанада апатты жағдайдағы 100-ден астам үй сүріледі

Олардың орнына қала билігі жаңа баспананың 600 мың шаршы метрін салуды жоспарлап отыр деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, көне және апатты жағдайдағы үйлерді сүру бойынша ТМД елдеріндегі қанатқақты жобаның алғашқы кезеңі аяқталғалы отыр. Алғашқы кезеңде көппәтерлі 228 көне үй сүріліп, жеті жарым мыңнан астам (7573) пәтер салынды. 

2018 жылдың қаңтарында Астанада көне және апатты жағдайдағы үйлерді сүру бойынша ТМД елдеріндегі қанатқақты жобаның екінш кезеңі іске асырыла бастамақ. Оның аясында көппәтерлі 150 көне үй құлатылып, жалпы ауданы 600 мың шаршы метрді құрайтын сегіз мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі.

Астана қаласының тұрғын үй басқармасының мәліметтеріне сәйкес 2013-2016 жылдардың аралығында елордада апатты жағдайдағы 117 үй құлатылып, 1570 отбасы көшірілді. 

Қазіргі таңда апатты жағдайдағы 13 үйде тұрып жатқан 404 отбасыға пәтерлерді беру шаралары жүргізіліп жатыр.

Апатты жағдайдағы үйлердің орнында тиісті аудандарда тұрғындарың демалуына гүл бақтары мен саябақтар пайда болады.

Бүгінгі таңда құлатылып жатқан апатты жағдайдағы 228 үйден бөлек, барақ тәрізді 82 үй апатты деп танылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу