Астанада арнайы жасақ қызметкеріне шабуыл жасалды

555

Полицияның мәліметінше, төрт адам шабуыл жасаған. Олар қазір қамауда отыр. 

Астанада арнайы жасақ қызметкеріне шабуыл жасалды Фото: polisia.kz

Елордалық полиция департаменті 21 қаңтарда Астанада арнайы жасақ қызметкерлеріне жасалған шабуылға қатысты жаңа мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Астана полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу барысында шабуыл жасаған төрт адам да анықталып, соттың рұқсатымен қамауға алынды", – делінген хабарламада.

Ведомство тергеуге байланысты басқа ақпаратты жария етпеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу