Астанада ата-аналардың ауқымды жиналысы өтті

182

Іс-шараға 50-ден аса мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ата-аналары қатысты.

Астанада ата-аналардың ауқымды жиналысы өтті Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында "Қауіпсіз орта – сенімді бала" тақырыбында Сарыарқа ауданына қарасты мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар арасында ата-аналар жиналысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана қаласы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Әсима Бимендинаның қатысуымен өткен іс-шарада Бала құқықтарын қорғау басқармасы, Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы, Экономикалық тергеп-тексеру басқармасының өкілдері де қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-аналардың балалардың өмірі мен денсаулығын қорғаудағы жауапкершілігін арттыру, қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіру және күнделікті өмірде кездесетін қауіптердің алдын алу бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Жиын барысында қатысушылар "Қауіпсіз бала – бақытты болашақ" атты көрмемен танысып, цифрлық дәуірдегі бала тәрбиесіне арналған бейне-инсталляцияны тамашалады. Сонымен қатар, балабақша тәрбиеленушілері жол қозғалысы ережелеріне арналған сахналық қойылым ұсынып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Әсима Бимендина кіріспе сөзінде балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осы бағыттағы негізгі мәселелер мен оларды шешу жолдары қоғам үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Өз кезегінде Бала құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Серік Әділбаев әрбір баланың қауіпсіз ортада өмір сүруі – басты міндеттердің бірі екеніне ерекше тоқталды.

Балалардың денсаулығын қорғау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Астана қаласы Сарыарқа ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Мамыр қызылша ауруының алдын алу, вакцинацияның маңыздылығын ерекше атап өтті.

Аталған іс-шара ата-аналар мен мамандар арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, балалар үшін қауіпсіз әрі сенімді орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды. Осындай кездесулер алдағы уақытта барлық ауданда жалғасын табатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу