Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы қызметкері жемқорлық күдігіне ілінді

339

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты департамент директорының бұрынғы орынбасары жемқорлық күдігіне ілінді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы қызметкері жемқорлық күдігіне ілінді Фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады, деп inbusiness.kz сайты

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша департаменті ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі департамент директорының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, – делінген хабарламада.

 

Бұрынғы мемлекеттік қызметкер аффилиирленген компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тартты деген күдікке ілініп отыр.

– Күдікті бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлап әкеткен, бұл мемлекетке 3 млн теңгеден астам шығын келтіруге әкеп соқтырды, – деп хабарлайды Антикордан.

Қазір тергеу жалғасып жатыр, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу