Бейсенбі күні елордада автобустың қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнынан түсірілген видео желіде тарады. Жол апаты 3 шілде күні кешке Сарыарқа ауданында болған.
"Қосшығұлұлы көшесімен келе жатқан автобус жүргізушісі Серкебаев көшесінің қиылысында маневрді аяқтап жатқан Ford көлігіне жол бермей, оған соғылды", – деп хабарлады қалалық ДП.
Апат салдарынан автобустың үш жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиға бойынша тексеру жүріп жатыр.
Айта кету керек, маусым айында https://inbusiness.kz/kz/last/astanada-zholaushylar-avtobusy-apatka-ushyrady Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырағанын жазған едік. Жол апаты салдарынан 8 жастағы қыз екі аяғынан айрылды.