Астанада автокөлік көкөніс сататын дүңгіршекке соғылып, 15 жастағы қыз жарақаттанды

268

Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті хабарлады.  

Астанада автокөлік көкөніс сататын дүңгіршекке соғылып, 15 жастағы қыз жарақаттанды Фото: Видеодан скриншот

Ведомство мәліметінше, көлік тізгінінде 18 жастағы жүргізуші болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Алдын ала анықталғандай, жүргізуші Есіл ауданындағы Аманжол Бөлекпаев көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай, көкөніс дүңгіршегіне соғылған, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан сауда павильонының ішінде болған 15 жастағы бойжеткен жарақаттанды. Ол медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Қазіргі уақытта жол көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу