Астанада автотұрақта тұрған 5 көлік жанып кетті

786

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Астанада автотұрақта тұрған 5 көлік жанып кетті Фото: Бейнежазбадан

Астананың Сарайшық ауданында А. Байтұрсынұлы көшесіндегі тұрғын үй кешенінің жанындағы автотұрақта бес жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құтқарушылар оқиға орнына 7 минут ішінде жеткен. Олар келген кезде көліктер ашық жалынмен жанып жатқан. Қатты желдің салдарынан өрт бір-біріне жақын тұрған көліктерге тез тараған.

Өрт сөндірушілер жалынды жедел сөндірді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Құтқарушылар қатты жел кезінде өрттің тез таралуы мүмкін екенін ескертеді. Өрт белгілері байқалған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу