Астанада автотұрақтар үшін ақыны кейін төлеуге болады

627

Қаладағы ақылы автотұрақтарда кейін төлеу функциясы іске қосылды, деп жазады inbusiness.kz.  

Астанада автотұрақтар үшін ақыны кейін төлеуге болады Фото: mybusiness.kz

Елордалықтар қазірдің өзінде көлік тұрағының ақысын "Парковки Астаны" мобильді қосымшасы және astanapark.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы төлей алады.

"Ақы төлеу кезінде тұрақ аймағының нөмірін, тұрақ сессиясының басталуы мен ұзақтығын көрсету, техникалық паспортқа сәйкес автомобильдің мемлекеттік нөмірін дұрыс енгізу қажет. Төлем сол күні сағат 23:59-ға дейін жүргізілсе, айыппұл түспейді", - деп ЖШС "Парковочное пространство Астаны" баспасөз қызметі хабарлайды.

Автотұрақтарды пайдалану шін абонемент алуға да болады. Абонемент иелері қала бойынша барлық ақылы аймақтарда көліктерін акылы тұраққа қоя алады. Тіркеу жүйесі төлем бар-жоғын автоматты түрде анықтайды. Жеңілдігі бар санатқа кіретін және ерекше қажеттілігі бар тұлғалар тұраққа көліктерін тегін қояды.

Ақылы автотұрақтар әкімдіктің бекітілген ережелеріне сәйкес жұмыс істейді. Барлық автотұрақ Астана қаласының меншігінде. Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзған азаматтар 3 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалады.

Демалыс және мереке күндері автотұрақтар тегін. Ақылы тұрақтардың жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу