Астанада BaiQymyz-2026 фестивалінің алғашқы күні экологиялық акциямен аяқталды

385

BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестивалінің алғашқы күні аяқталғаннан кейін "Қазанат" ипподромының аумағында экологиялық акция өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада BaiQymyz-2026 фестивалінің алғашқы күні экологиялық акциямен аяқталды Фото: Астана әкімдігі

Фестиваль қонақтары еріктілермен бірге аумақты тазалау жұмысына қатысып, қалған қоқысты жинап, іс-шара өткен орынды ретке келтірді. Бұл акция мерекелік бағдарламаның жалғасы ретінде ұйымдастырылып, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Қатысушылардың айтуынша, мұндай бастамалар көпшілік қатысатын іс-шаралардан кейін тазалықты сақтауға ғана емес, экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді.

Еске салайық, BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестивалі 11-12 шілде күндері елордадағы "Қазанат" ипподромында өтіп жатыр. Бағдарлама аясында ұлттық тағамдардың дәмін тату, көрмелер, мәдени және спорттық іс-шаралар, ат спорты шоулары, отбасылық алаңдар мен танымал өнерпаздардың концерттері ұйымдастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу