Астанада балалар арасында футболдан турнир өтіп жатыр

445

Турнир қаланың бес спорт алаңында 5+1 форматы бойынша өтуде.

Астанада балалар арасында футболдан турнир өтіп жатыр Фото: gov.kz

Елордада аула командалары арасында футболдан "Аула лигасы" турнирі өтіп жатыр. Тамыз айының басында Астана қаласында аула футболынан ауқымды балалар турниріне іріктеу кезеңі өткен болатын. Турнирдің келесі кезеңіне 53 команда жолдама алды, деп хабарлайды  inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Турнир қаланың бес спорт алаңында 5+1 форматы бойынша өтіп жатыр.

1. Сарыарқа ауданы – Көктал паркі, Бейбарыс Сұлтан көшесі;
2. Алматы ауданы – ҚФФ ашық футбол алаңы, Б. Момышұлы көшесі, 5А;
3. Байқоңыр ауданы – ҚФФ ашық футбол алаңы, Б. Момышұлы көшесі, 5А;
4. Нұра ауданы – №81 Astana English school мамандандырылған гимназиясы, Ілияс Омаров көшесі, 14;
5. Есіл ауданы – Қабанбай батыр көшесі, 31.

Аула командалары арасындағы футбол турнирі жазғы демалыс кезінде балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізу, қалада бұқаралық футболды дамыту, жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткізіліп жатыр.

Жеңімпаздар мен жартылай финалға шыққандар естелік сыйлықтармен, дипломдармен, кубоктармен және т.б. марапатталады.

Финалдық ойындар тамыз айының 30-31 күндері "Жас Батыр" спорт кешенінде (Конституция көшесі, 3) өтеді. Ойындар күн сайын сағат 10.00-де басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу