Астана қаласы, Сарайшық ауданы, Қошқарбаев көшесі бойындағы балалар ауруханасының ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Хабарлама түскеннен кейін 2 минут ішінде алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп, өртті сөндіруге дереу кірісті.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт жертөледегі электр қалқанынан шыққан.
Қауіпсіздік мақсатында персонал мен науқастар эвакуацияланып, жақын маңдағы медициналық мекемелерге уақытша орналастырылды. Өрт сөндіру штабы құрылып, жылыту пункті ұйымдастырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу