Астанада банк қызметкері клиенттің есепшотынан 34 млн теңге жымқырған

147

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Астанада банк қызметкері клиенттің есепшотынан 34 млн теңге жымқырған Фото: forbes.kz

Елордалық банк қызметкері шетелде жүрген клиенттің сеніміне кіріп, жұбайы екеуінің шотынан ақша жымқырған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

49 жастағы банк маманы жәбірленушімен ортақ танысы арқылы байланысқан. Клиент шетелде жүрген кезде, делдал оны ақшаны қарызға беруге көндіріп, қаражатты алуға келісім берген сәтін видеоға түсіріп жіберуді сұраған. Осы бейнежазбаны алған күдікті дереу іске кіріскен.

Полицияның мәліметінше, банк қызметкері алдымен ер адамның шотынан 18 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырған. Бұл аздай, өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, клиенттің әйеліне тиесілі шоттан тағы 17 млн теңгені шешіп алған.

Жалпы шығын көлемі – 34 млн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу