29-30 шілдеде "Қазақстан" СК-нің көлік тұрағында Атырау, Жамбыл және Қарағанды облыстарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласының медиа орталығы.
Жалпы 360 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: ет және ет өнімдері - 101 т, сүт өнімдері - 34 т, қант - 10 т, көкөніс - 153 т, нан және тоқаш өнімдері - 12 т және т.б. Қарағанды облысы бауырсақ және қымыз фестивалін өткізеді.
Қала тұрғындары мен қонақтары үшін "Арқа сазы" фольклор ансамблі концерттік бағдарламасын ұсынады.
Өңірлік жәрмеңкелер ауылшаруашылық өнімдерін нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан сатып алу үшін өткізіледі.
5-6 тамызда елордада Солтүстік Қазақстан облысының жәрмеңкесі өткізіледі деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу