Астанада белгісіз азамат естімейтін, сөйлей алмайтын такси жүргізушісіне жол ақысын төлемей кеткен

6441

Жүргізушінің қызы желіге видеосын жариялап, жұртшылықтан көмек сұрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада белгісіз азамат естімейтін, сөйлей алмайтын такси жүргізушісіне жол ақысын төлемей кеткен Фото: Бейнежазбадан

Жүргізушінің қызы белгісіз азаматтың тек екі аялдамадағы мекенжайға тапсырыс бергенін айтады.

"Менің әкемнің құлағы естімейді және сөйлей алмайды. Соған қарамастан көлігінің несиесін өтеу үшін күні бойы адамдарды тасып жұмыс істейді. Ал мына жігіт секілді адамдығы жоқ жандар екі-үш аялдамаға әдейілеп жайлы (комфорт) такси шақырып, белгіленген орынға жеткенде қайтып келетінін айтып, көлікті тоқтатып түсіп кетеді. Төлемді қосымшада қолма-қол деп белгілеген. Бұл малғұнды әкем Астананың кептелісінде сағаттап тұрып айтқан жеріне жеткізді. Онымен қоймай ол мазақ қылғандай телефонын көлікте қуаттап алған. Егер осы жігітті білсеңіздер маған жазыңыздаршы. Адамның естімейтінін, сөйлемейтінін пайдаланатындар көп", – деп жазды TikTok желісін пайдаланушы.

Бұл видео жұртшылық назарын аударып, көпшілік таласа пікір білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу