Астанада 24 жастағы жігіт Оқу-ағарту министрлігіне өрт қойды

2274

Бүгін, 10 шілде таңғы сағат 8 шамасында Астанадағы министрліктер үйінің 11-кіреберісінде өрт шықты.

Астанада 24 жастағы жігіт Оқу-ағарту министрлігіне өрт қойды Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Белгісіз ер адам Оқу-ағарту министрлігінің ғимаратына кіріп, турникетке жанғыш қоспа лақтырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Министрліктер үйінің кіреберісінде өрт шығарған 24 жастағы азамат анықталып, полиция қызметкерлері ұстады. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өртті қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел сөндірген.

Сондай-ақ, ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу