Астанада бір ай ішінде азық-түлік 0,4%-ға қымбаттады

784

Астанада бір ай ішінде азық-түлік 0,4%-ға қымбаттады

Астанада желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы - 0,4%-ға өсті, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер тарифтері  өткен ай деңгейінде қалды, деп хабарлады елордалық статистика департаменті.

2016 жылғы желтоқсанда жұмыртқа - 2,6%-ға, жемістер мен көкөністер - 2,1%-ға, балық пен теңіз өнімдері - 1,3%-ға, сүт өнімдері - 0,4%-ға, кондитерлік өнімдер - 0,3%-ға, алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдері, ашытылған сүт өнімдерінің 0,1%-ға бағалары көтерілді. Сонымен бірге, күнбағыс майы - 1,5%-ға, қант - 0,3%-ға, ет, алкогольсіз сусындардың бағалары 0,1%-ға төмендеді.

Балық пен теңіз өнімдері тобында жаңа ауланған немесе салқындатылған балық - 3%-ға, жеңсік емес балық консервілері - 1,7%-ға, қызыл уылдырық, тұздалған және қақталған (жеңсікті қоспағанда) балық - 0,9%-ға, майшабақ бағалары 0,3%-ға қымбаттады. Көкөністерден картоп - 9,3%-ға, қияр - 5,8%-ға, сәбіз - 3,5%-ға, аққауданды орамжапырақ - 3%-ға, қызылша - 1,8%-ға, басты пияз бағасы 1,7%-ға өсті.

Бензин - 1,7%-ға, фармацевтикалық өнімдер - 1,6%-ға, тұрмыстық тоқыма бұйымдар - 1,1%-ға, дизель отыны - 0,3%-ға, киім 0,1%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтер, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер 0,6%-ға өсті. Жолаушылардың теміржол көлігі қызметтерінің тарифтері 1,4%-ға көтеріліп, әуе көлігі тарифтері 8%-ға төмендеді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу