Астанада бір келі мефедронмен 19 жастағы қыз ұсталды

333

Астанада есірткі заттарын заңсыз сақтап, таратты деген күдікпен 19 жастағы бойжеткен қолға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада бір келі мефедронмен 19 жастағы қыз ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Тінту кезінде оның жалдамалы пәтерінен шамамен бір келі мефедрон мен 300-ден астам дайын есірткі түйіншегі табылды.

Полиция қызметкерлері күдіктіні жедел-іздестіру шаралары барысында тұрғын үйдің кіреберісінде ұстаған. Одан кейін жалға алған студиялық пәтеріне тінту жүргізілген.

Тексеру кезінде асүй шкафынан ақ ұнтақ салынған пластик ыдыс анықталды. Сондай-ақ бөлмедегі аяқ киім қорабынан осындай зат салынған тағы бір ыдыс табылды. Бұдан бөлек, есірткіні өлшеп, буып-түюге арналған құрал-жабдықтар тәркіленді.

Сараптама қорытындысы тәркіленген заттың мефедрон екенін растады. Оның жалпы салмағы шамамен бір келіге жеткен.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала тергеу мәліметіне сәйкес, бойжеткен есірткіні пәтерінде сақтап, кейін оны тарату үшін өзге адамдарға беріп отырған. Қазір құқыққа қайшы әрекетке қатысы бар болуы мүмкін басқа да тұлғалар анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу