Полицияға банктік картадан заңсыз ақша шешу туралы арыз түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жалпы сомасы 350 мың теңгеден астам қаражатты жасырын шешіп, карта иесіне материалдық шығын келтірген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол тұрғылықты мекенжайы бойынша ұсталды.
Полиция азаматтарға ескертеді: қылмыскерлердің құрбаны болмас үшін банктік картаңызды қадағалап жүріңіз, оны қараусыз қалдырмаңыз. Егер карта жоғалса, бірден оны банк немесе мобильді қосымша арқылы бұғаттаңыз және шығындарды бақылау үшін SMS-хабарламаларды қосыңыз.