Астанада бірінші сыныпқа ерекше білім беру қажеттіліктері бар 1,5 мың бала қабылданды

268

Елорда мектептерінде инклюзияны қолдауға арналған 98 кабинет жұмыс істейді.  

Астанада бірінші сыныпқа ерекше білім беру қажеттіліктері бар 1,5 мың бала қабылданды Фото: gov.kz

Астанада жаңа 2026-2027 оқу жылында бірінші сыныпқа ерекше білім беру қажеттіліктері бар 1,5 мыңға жуық бала қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

Биыл елордадағы 206 орта білім беру ұйымында 337 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Оның ішінде 33 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттады.

Қалада инклюзивті білім беруді дамыту және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Қазір орта білім беру деңгейінде 5 мыңнан астам бала инклюзивті оқытумен қамтылған.

Елорда мектептерінде инклюзияны қолдауға арналған 98 кабинет жұмыс істейді. Биыл тағы 20 кабинетті ашу жоспарланған. Мұнда балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіліп, олардың жеке қажеттіліктеріне сай білім алуына жағдай жасалады.

Сонымен қатар жаңа оқу жылына дайындық аясында қаладағы 38 білім беру ұйымында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Білім беру нысандарында оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға басымдық берілген.

Инклюзивті ортаны дамыту ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қатарластарымен бірге білім алып, қажетті қолдауды мектептен алуына мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу