Астана қаласында қоғамдық көлік аялдамаларының атауларына өзгеріс енгізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Атауы өзгерген аялдамалар:
- Ж.Нәжімеденов көшесіндегі "Сарыкөл көшесі" аялдамасы – "Сағадат Нұрмағамбетов көшесі", №№ 14, 50, 66 бағдарлар тоқтайды;
- Тұран даңғылындағы "АЗС" аялдамасы – "Кең дала" тұрғын үй кешені, №№ 26, 40, 42 бағдарлар тоқтайды;
- "ҚазмұнайГаз" ҰК аялдамасы – "Қабанбай батыр даңғылы", №№ 21, 28, 37, 52, 57, 70 бағдарларда;
- Тұран даңғылындағы "SVOY DOM" аялдамасы – "№ 97 мектеп-гимназиясы", №№ 26, 27, 40, 42, 501 бағдарларда;
- Ш.Құдайбердіұлы даңғылындағы "Строймарт" гипермаркеті аялдамасы – "№ 63 мектеп-гимназиясы", №№ 5, 5А, 9, 11, 15, 15А, 28, 44, 47, 48, 60, 64, 71 бағдарларда;
- "Көктал" тұрғын алабындағы "Сұлукөл көшесі" аялдамасы – "Көктал" мешіті, № 32 бағдар тоқтайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу