Осыған байланысты, газ есептеу құралдары мен газ жабдықтарының бұзылу қаупін болдырмау үшін, үйлердің сыртында, газ құбырының кіреберісінде орналасқан авариялық газ крандарын жабуды сұраймыз.
Жұмыс аяқталғаннан кейін абоненттерге газ берудің қайта қосылғаны туралы хабарлама жіберіледі.
Жұмыстар толық аяқталғанға дейін сыртқы газ крандарын өз бетінше ашуға қатаң тыйым салынады, себебі бұл газ есептеу құралдары мен газ жабдықтарының істен шығуына әкелуі мүмкін.
Барлық сұрақ бойынша "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ авариялық-диспетчерлік қызметіне хабарласуға болады: (7172) 55-89-76; WhatsApp: 8 705 597 0204.
Айта кетейік, аталған жұмыс мына көшелердегі үйлерге әсер етеді: Басықара батыр, Нұрбесік, Бақтыбай ақын, Құлтума ақын, Танжарық Жолдыұлы, Базарлық, Ақтолқын, Бастаңғы, пер Сұлама, пер Ізенді, Болашақ.