Астанада Бірлік күніне орай ұлттық мәдениет пен ас үй фестивалі өтті

112

Фестиваль Достық үйі алаңында ұйымдастырылды.      

Астанада Бірлік күніне орай ұлттық мәдениет пен ас үй фестивалі өтті Фото: Inbusiness.kz

Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Қазақстан – бірлік мекені" атты ұлттық мәдениет пен ас үй фестивалі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Фестиваль Достық үйі алаңында ұйымдастырылып, алғаш рет елорданың 20-дан астам этномәдени орталығының өкілдері бас қосты.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстанда тұратын этностардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен ұлттық тағамдарын таныстырды. Қонақтар ұлттық ас түрлерімен танысып қана қоймай, түрлі шеберлік сабақтарына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Фестиваль бағдарламасына этномәдени бірлестіктердің концерттік қойылымдары, сондай-ақ ерекше бала тәрбиелеп отырған аналардың қолөнер бұйымдарының көрмесі енді. Сонымен қатар келушілер үшін бүкіл отбасыға арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мәдени мұраны насихаттау, ішкі туризмді дамыту және шағын әрі әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау арқылы қоғамдық келісімді нығайту болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу