Астанада бизнес орталықта өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Нұра ауданы Нарықбаев көшесіндегі 10 қабатты бизнес орталықтың 7-10-қабаттарының аралығындағы сыртқы қаптама жанған.
– Жедел жеткен құтқарушылар өрт ғимараттың ішіне таралуына жол бермей, өртті тез арада сөндірді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін адамдар бизнес орталықтан өз бетінше далаға шыққан, – деп жазылған ТЖМ таратқан хабарламада.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу