Астанада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі флешмобы өтеді

869

Астанада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі флешмобы өтеді

4 тамызда сағат 11.00-де "PromenadeExpo" ТК-де бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз"байқауының 10 жылдығына арналған флешмоб өтеді, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Байқау корпоративті әлеуметтік жауапкершілік мәселелері бойынша халықты кең ақпараттандыру үшін өткізіледі.

"Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын", "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын", "Үздік ұжымдық шарт" және "Экологияға қосқан үлесі үшін" аталымдары бойынша жүлделер шағын және орта кәсіпкерлік, сондай-ақ ірі кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі", - дейді ұйымдастырушылар.

Шараға 2016 ж. байқаудың жеңімпазы - "Bi Holding" ЖШС және "Астана жастары" КММ еріктілері қатысады. Флешмоб елордалық әкімдіктің қолдауымен өткізіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу