Астанада мектеп оқушылары 11 наурызда қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты (желдің күшеюі және ауа температурасының төмендеуі) 11 наурызда бірінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері (9-сыныптан кейін оқуға түскендер) қашықтан оқыту форматына көшеді", – делінген хабарламада.
Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның өзге аймақтарында да мектептегі сабақтар тоқтатылды.
"Қазгидромет" мәліметінше, 11 наурызда Астанада күн райы құбылмалы болады. Қар жауып, желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу